2021 жылғы 25 қазанда бекітілген Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының комплаенс қызметтерінің жұмысы туралы есептерін тыңдау кестесіне сәйкес "Теміртау жоғары политехникалық колледжі" КМҚК директоры есепті іске асырды.
Есептік ақпаратқа сәйкес, директордың бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық нұсқаулыққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі қызметкерінің функционалдық міндеттерін, құқықтары мен жауапкершілігін көздейтін тиісті өзгерістер енгізе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функциясы жүктелген.
Көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың бар немесе ықтимал мүмкіндігі туралы хабардар етуді жүзеге асыру не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу үшін мына телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз:
КМҚК" Теміртау жоғары политехникалық колледжі " - Ахмадиева Магира Наркеновна 87019867901