Сұрақ

Жиі қойылатын сұрақтар

БІлім беру мекемесіне қабылдау туралы өтінішке

  • Білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
  • Ф №086 медициналық анықтамасы флюорографияға түскен қорытынды болуы шарт (бала жасынан І және II топтағы мүгедектер үшін 088-У формасы бойынша медициналық –әлеуметтік сараптама қорытындысы);
  • 4 дана 3х4 өлшемді фотосурет;

Оқуға қабылданушылардың өтініштері оқыту формасы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің тіркеу журналында тіркеледі.

Арнайы білім беру қажеттіліктері бар адамдарды оқытуға білім беру мекемесіне қабылдау заңды өкілінің өтініші негізінде білікті мамандардың таңдаған мамандығы бойынша дайындыққа қарсы болмау туралы психологиялық, медициналық және педагогикалық кеңес беру қорытындысы бойынша жүргізіледі.

«Хореографиялық өнер» мамандығына түсетін тұлғалар қосымша білім беру ұйымдарында медициналық комиссиядан өтеді.

      Қабылдау туралы құжаттар өтініш беруші немесе оның заңды өкілдері тарапынан жеке ұсынылады.

Берілген білім беру ұйымдарына оқуға түсетін квоталары қарастырылатын тұлғаларды  қабылдауда санатты растайтын құжаттарды ұсынады.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өздерінің мәртебесін айқындайтын құжатты, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы белгісімен ұсынады.

Шетелдіктер - Қазақстан Республикасында шетел азаматының тұруға ықтиярхаты;

Азаматтығы жоқ адам - ​​азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

Босқын - босқын куәлігі;

Баспана іздеген адам - ​​баспана іздеген адамның куәлігі;

Оралман - Оралман куәлігі

Талапкерлердің білім беру нысандарына және шарт негізінде (ақылы) өтінімдері жеке-жеке тіркеледі және есептеледі.

Кешенді тестілеу туралы сертификат ұсынған (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдардың түлектері) немесе ҰБТ қорытындысы туралы сертификаты бар (бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысқан ағымдағы жылдың түлектері) тұлғалар, қабылдау емтихандарынан босатылады және оларға конкурсқа қатысуға рұқсат беріледі

11 сынып негізінде түсушілер үшін қабылдау емтихандарының насына – тестілеу. Кешенді тестілеуге келген абитуриент емтиханға рұқсат қағазын көрсету керек.

Гранттар барлық техникалық мамандықтарға бөлінеді. Техникалық мамандықтар бойынша оқу 160000 теңге, экономикалық мамандықтар бойынша 154000 теңге, сырттай оқу 120000 теңгені құрайды.

Сұрақтарыңыз бар ма?

Сіздің сұрақтарыңызға оқу орнының өкілдері, студенттер мен түлектер, сондай-ақ біздің сарапшылар жауап береді

Сұрақ қою

Сұрақ қою үшін, Сіз авторизацияланған болуыңыз керек. Авторизациядан өту
Friday2023910

Здравствуйте! Документы на заочное обкчение можно сдать?

Мен 11 сыныпты бітіргенмін бітіргеніме бірнеше жыл болды сырттай окығым келеді

Слесарлық мамандыққа абайсыз заявка берип қойғанмын және оны қабыл алыпты. Алайда мен басқа мамандыққа түскім келеді(қайттан заявка тастайын десем ТДМ, АиУ мамандықтары тізімде жоқ) 21 документ тапсыратын кезде ТМД,АиУ мамандығына жазылуыма боладыма? Босс орын қаладыма?

Саламатсызба. Мен 9 сыныпты бітіріп,осы оқу орнына түспекшімін. Мектепте колледждерде заявка тастамай обходной қағазыма психолог қол қоймайтынын айтты. Асығыстыңтан мен басқа мамандыққа заявка тастап жіберіппін. Алайда қайттан осы колледжге өзім ұнатқан мамандыққа заявка тастайын десем кейбір мамандықтар берілген тізімде жоқ немесе мамандықтардың қасында таңдау кнопкасы болмайды. Енді 20 күні барып,барлык документтерді тапсырып,баска мамандық таңдауыма болама? Орындар қалады ма?(Таңдаған мамандығым: ТДМ немесе АиУ)

Бізді қалай таба аласыз

8 (7213) 95-34-26
tem-polit@krg-edu.kz
г. Темиртау, пр. Республики 26 Мекен-жайды картада көрсету
https://tvptk.mycollege.kz/