Вернуться к Новости и События
Новость

Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық және қазақтан шыққан тұңғыш академик, геолог-ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойлары

Ақын, жалынды жазушысы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық және қазақтан шыққан тұңғыш академик, геолог-ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойлары қарсаңында 2024 жылы 22 мамырда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжінің ұйымдастыруымен VI Облыстық «Жаңа ғасыр жастары» атты жас ақындар мүшайрасы өтті.

Жыр додасына 15-19 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысып, сайыскерлер С.Сейфуллин мен Қ.И. Сәтбаевқа арнаған арнау өлеңдерімен қатар, еркін тақырыптағы өз туындыларын оқыды. Аталмыш жыр жарысына «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» ЛТ-2023-1 тобының І курс студенті Досжанқызы Гаухар қатысып, бағын сынап қайтты. Жетекшілік еткен: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Есбенбетова А.К. Жас ақындарға әділ бағаларын берген қазылар алқасы сайыскерлердің өнерін бағалау кезінде өлеңнің көркемдік ерекшелігіне, ұйқасына, тіл тазалығына, дауыс мәнеріне, сондай-ақ сахналық киім мәдениетіне баса назар аударды.

Байқау жеңімпаздары мен барша қатысушыларға және тәлімгерлеріне университет пен колледж атынан арнайы дипломдар, алғысхаттар және кітаптар табысталды.

Другие новости и события по теме

Новость
May 28, 2024
ОБЪЯВЛЕНИЕ

ОБЪЯВЛЕНИЕ О ПРОВЕДЕНИИ КОНКУРСА НА ЗАНЯТИЕ ДОЛЖНОСТИ ПЕДАГОГА

Подробнее
Новость
May 28, 2024
Worldskills Karaganda чемпионатының үшінші күні салтанатты түрде жабылуы өтті

Теміртау жоғары политехникалық колледжі базасында «Бизнеске арналған ІТ-шешімдер», «Зертханалық және химиялық талдау», «Құрғақ құрылыс және сылау жұмыстары» құзыреттері бойынша колледж студенттері арасында кәсіби шеберлік өңірлік Worldskills Karaganda чемпионатының үшінші күні салтанатты түрде жабылуы өтті.

Подробнее
Новость
May 28, 2024
Worldskills Karaganda чемпионатының екінші күні

Теміртау жоғары политехникалық колледжі базасында «Бизнеске арналған ІТ-шешімдер», «Зертханалық және химиялық талдау», «Құрғақ құрылыс және сылау жұмыстары» құзыреттері бойынша колледж студенттері арасында кәсіби шеберлік өңірлік Worldskills Karaganda чемпионатының екінші күні басталды.

Подробнее
Новость
May 28, 2024
Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық және қазақтан шыққан тұңғыш академик, геолог-ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойлары

Ақын, жалынды жазушысы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық және қазақтан шыққан тұңғыш академик, геолог-ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойлары қарсаңында 2024 жылы 22 мамырда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжінің ұйымдастыруымен VI Облыстық «Жаңа ғасыр жастары» атты жас ақындар мүшайрасы өтті.

Подробнее

Как нас найти

8 (7213) 95-34-26
tem-polit@krg-edu.kz
г. Темиртау, пр. Республики 26 Показать адрес на карте
https://tvptk.mycollege.kz/