25.04.2025 ж. «Теміртау жоғары политехникалық колледжінде» оқу-сауаттылық апталығы аясында "Бірыңғай даму бағдарламасын" іске асыру шеңберінде жұмбақтар мен мақал-мәтелдердің тәрбиелік маңыздылығы туралы «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» атты библиомарафон өтті. Бұл библиомарафонға І курс студенттері қатысып, екі топқа бөлініп, экранда көрсетілген ұяшықты таңдау арқылы жасырынған қазақтың мақал-мәтелдерін ары қарай жалғастыру бойынша жарысты. Мақсаты: студенттердің кітап оқуға деген құлшылықтарын арттыру, қазақ мақал-мәтелдерінің, нақыл сөздерінің мән-мағынасына терең үңілу, өмірлік азық болатын білім алу, дұрыс бағыт-бағдар таңдай білу тәрбие тағылымын бойға сіңіру. Жауаптылар: колледж кітапханасы мен Қазақ және орыс тілдері кафедрасы.