28.02.2024 ж. «Нілдіден бастау алған, Орталық Қазақстанның "сыр сандығы" атты ғылыми монографияның презентациясы өткізілді. Cпикер Қазақстан Республикасының кәсіподақ қозғалысының тарихы бойынша сарапшы, Республика партиясының мүшесі, ардагер ұстаз, жазушы, Қазақстан Журналисттер Одағының мүшесі - Жұмағали Мағзиев Диярұлы өзінің еңбектерімен бөлісті. Қарағандылық кинорежиссері Арман Алимжанов басқаратын "STARTKINO" ҚБ "Ұлы даланың өркениет бесігі"- атты осы тұңғыш өндірістің пайда болуына байланысты, деректі фильмінің шығарылуы талқыланды.
Қарағанды қаласындағы "Академик Е.А.Бөкетов атындағы университеті" КЕАҚ-ның Ғылыми Кеңесі №11 хаттамасы негізінде, 26.01.2023 жылы шыққан "Нілді: Тарих және Тағылым"- атты монографиямды бекітіп, онда еліміздің барлық оқу орындарына, ғылыми қызметкерлерге... арналған деп танылып, өткен жылдың тамыз айында жарық көрді.
Монографияның негізгі мазмұны қазақ еліндегі тұңғыш өндіріс ошағына батыс өнеркәсібі өркениетінің біртіндеп енуі, батыстық үлгідегі адам құқықтарының қорғалуы туралы баяндалған.
«Ұлы Даланың өркениет бесігі» атты деректі фильм "Нілді: Тарих және Тағылым"- атты монография тұңғыш өндіріске арналғандықтан, Қазақ елінің ең ірі өндіріс ошағы Теміртау қаласынан бастау алды.Біздің «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК техникалық және металлургиялық салаларды қамтуына байланысты, "STARTKINO" ҚБ мемарандумға отырғаным қозғаушы күш болды.
"Ұлы даланың өркениет бесігі"- атты деректі фильм "STARTKINO" ҚБ басшысы, Облыстық маслихат депутаты Арман Алимжанов өз сөзінде ұстаздарға, студенттерге арнап, тұңғыш өндіріс келешек ұрпаққа керек екендігіне тоқталды. "STARTKINO" ҚБ жастарды кино өндірісіне тартуға арналған өзінің көзқарастарын білдірді.
Сонымен қатар, Теміртау қалалық мәслихатының депутаты, Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының мүшесі - Арман Габидуллаевич Абылкасынов және ардагерлердің төрағасы Шынуар ақсақал қонақта болды.