Вернуться к Новости и События
Новость

Теміртау жоғары политехникалық колледжінде кәсіби бағдар жұмысы аясында, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында колледж студенттері мен №23 және №24 жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары арасында волейболдан жолдастық спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Теміртау жоғары политехникалық колледжінде кәсіби бағдар жұмысы аясында, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында колледж студенттері мен №23 және №24 жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары арасында волейболдан жолдастық спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған жарысқа 6 команда: 3 ұлдар командасы және 3 қыздар командасы қатысып, өздерінің спортқа деген сүйіспеншіліктерін жоғары деңгейде көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша, қызу тартыс барысында ұлдар арасында
1-орынға ТЖПК командасы ие болса, 2-орынды №24 орта мектебі,
ал 3-орынға №23 орта мектебінің командасы ие болды.
Ал қыздар арасындағы 1-орынға №23 жалпы білім беретін мектептің командасы иеленіп, 2-орынды ТЖПК командасы, ал 3-орынға №24 орта мектебінің командасы ие болды.
Жүлделі орын алған командаларға МАҚТАУ қағаздары табысталды. Ал қалған команда белсенділік танытқаны үшін АЛҒЫС хаттармен марапатталды.
Спорттық іс-шара жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның ұйымдастырылуы мен өткізілуіне дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары Ж.Сахаба және А.У.Шеров басшылық жасады.

Другие новости и события по теме

Новость
May 25, 2021
Металлургтер – таза қала үшін

«Металлургтер – таза қала үшін» акциясы  сенбілікке «Qarmet» ЖШС қызметкерлерінің жаппай қатысуы

Подробнее
Новость
May 25, 2021
«ТВПК» және Теміртау қаласы мектептерінің бірлескен кәсіптік бағдар беру жұмысы

Жоспарға сәйкес «ТВПК» және Теміртау қаласы мектептерінің бірлескен кәсіптік бағдар беру жұмысы 26.03.2024 ж. кафедра оқытушысы «Автомобильдік пәндер» Ниханбай Д.Е. No11 орта мектепте 9-сынып оқушылары арасында «Автоквиз» танымдық-танымдық іс-шарасы өтті.

Подробнее
Новость
May 25, 2021
«КамЛит» ЖШС оқу орталығымен кездесу ұйымдастырылды.

Теміртау жоғары политехникалық колледжінің базасында «КамЛит» ЖШС оқу орталығының директоры Е.В. Водясовпен, термоөңдеу және фосфаттау учаскесінің бастығы В. Дударенкомен бірге жұмыс кездесуі өтті, сонымен қатар колледж түлектерімен кездесу ұйымдастырылды.

Подробнее
Новость
May 25, 2021
Экологиялық сауаттылық апталығы

"Book FreeMarket. Кітап арқылы экологияға" атты іс-шара өтті. Фримаркет - бұл кітап алмасу дегенді білдіретін заманауи форма

Подробнее

Как нас найти

8 (7213) 95-34-26
tem-polit@krg-edu.kz
г. Темиртау, пр. Республики 26 Показать адрес на карте
https://tvptk.mycollege.kz/