2024 жылдың 11 наурызынан 15 наурызына дейін Теміртау жоғары политехникалық колледжінің құзыреттілік орталығында «Инкар-1» ЖШС қызметкерлері мен машинажасау кафедрасының оқытушылары және шеберлері үшін СББ фрезерлік станокта оқыту курстары (тағылымдама) ұйымдастырылды.
Оқытуды ЖМ «Nazarbayev University Research and Innovation System» «CNC станоктарында фрезерлік өңдеу» құзыреті бойынша маманы жүргізді. Тағылымдама қорытындысы бойынша сертификаттар табысталды.