2022 жылғы 21 желтоқсанда 2022-2023 оқу жылында Теміртау жоғары политехникалық колледжінің қамқоршылық кеңесінің 1 отырысы өтті.
Кеңесте келесі мәселелер қаралды:
1. 2022-2023 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңестің құрамын қарау. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы С. В. Урываев
2. Кеңес 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын қарады және бекітті.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шараларды өткізу туралы Құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі А. Е. Сүлейменова сөз сөйледі.
4. Колледжде білім алушылардың құқықтарының сақталуын қоғамдық бақылау мәселесімен аға учаскелік инспектор, полиция майоры А. Б. Асқарова сөз сөйледі.
5. Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тағылымдамадан өтуі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы ақпаратты директордың ОӘБ жөніндегі орынбасары Б. А. Ахметов ұсынды.
Колледж директоры С. Е. Ақбергенова 2022-2023 жылдарға арналған жұмыстың басым бағыттарын атап өтті, Қамқоршылық кеңес мүшелеріне жемісті жұмыс тіледі.