2020 жылдың 15 қарашасынан 07 желтоқсанына дейін "Импульс баламалы оқыту орталығы" коммерциялық емес мекемесі "Didakt-kz" ЖШС-мен бірлесіп "I am a METHODIST"республикалық қашықтық конкурсын өткізді.
Конкурстың негізгі міндеттері әдістемелік жұмыстың ең тиімді түрлерімен бөлісе алатын, кәсіби қызметті жетілдіруге ынталы жаңашыл – оқытушыларды, тәлімгерлерді анықтау, олардың шығармашылық ізденістерін қолдау болып табылады.
Аталған байқауға Теміртау жоғары политехникалық колледжінің ағылшын тілі оқытушысы, кафедра меңгерушісі А. Г. Моисеева "Менің тәлімгерім" Эссе номинациясында өз тәжірибесін таратқаны және жинақтағаны үшін І дәрежелі Дипломмен марапатталды.