30 қараша күні 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Теміртау жоғары политехникалық колледжінде «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушылары 1-курс студенттері арасында ақыл-ой жарысы шахмат пен дойбыдан кезекті турнир өткізді. Жарысқа 25 студент қатысып, жеңіс тұғырынан көрінуге өзара сайысты. Турнир қорытындысы бойынша І орынды Эсеналиева Айжан, ІІ орынды Шатров Сергей, ІІІ орынды Цыбарев Сергей иеленіп, үздік деп танылды.
Жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаздар Дипломдар мен белсене қатысқаны үшін Алғыс хаттармен, сондай-ақ кәсіподақ комитетінің арнайы сыйлықтарымен марапатталды.