22 және 24 маусымда 0816000 «Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша күндізгі бөлім студенттерінің дипломдық жұмыстарын қорғау өтті.
Дипломдық жұмыстарын қорғау WhatsApp және Skype мессенджері арқылы ҚОТ арқылы жүргізілді.
Дипломдық жұмыстардың тақырыптары мамандық ерекшелігін ескере отырып, өзекті бағыттар бойынша таңдалған. Таңдалған тақырыптардың ауқымы өте кең, тамақ өнімдерін талдаудан бастап шойын мен болатты талдауға дейін. Математикалық статистика, валидация және түрлі әдістемелердің верификациясы бойынша да жұмыстар ұсынылған.